Тың жәдігерлер таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тың жәдігерлер таныстырылды

02.11.2018

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әдіқалықованың қатысуымен, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында, әлеуметтік-демографиялық және этносаралық салалардағы  2018-2020 жылдарға арналған ғылыми жұмыс жоспары қаралды. 

Президент жариялаған Жастар жылы аясында, жастарға және отбасы институтына қолдау көрсету ғылыми-сарапшылық жұмыстың маңызды бағыты болу тиіс деген хатшы, осы орайда бірқатар шара ұйымдастыруды тапсырды. 

Жиын аясында биылғы зерттеу жұмыстарының нәтижесі де жарияланды. Жаз айында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында  ежелгі сақтардың 200-ден астам қорғаны табылған болатын. Археологтар ол жерден алтыннан жасалған түрлі заттарды қазып алды. 

Алтыннан құйылған әшекей бұйымдар мен тұрмыстық заттар біздің дәуірімізге дейінгі 8-ші ғасырда өмір сүрген тайпалардың металл өндіру мен  өңдеу ісінде де шебер болғандығын көрсетеді. Күрделі технологиямен өңделген алтын алқа, бағалы тастардан өрілген моншақ, сырғалар соның дәлелі. 

Зейнолла Самашев, тарихшы-археолог:

Биылғы жылы табылған заттар. 17 жастағы ер адамның мүрдесімен бірге. мынау етігіне жапсырылған бисерлер. Ал мынау  қасында жатқан пышағы, материалды өңдеу технологиясы, бір миллиметрге жетпейтін алтынмен шалбарды көмкерген.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу