Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққан алматылық «Қайрат» 18 миллион 620 мың еуро табыс тапты. Енді қарт құрлықтың ала доп додасының топтағы ойындарында жеңіске жетіп жатса, әр жеңісі үшін 2,1 миллион еуро бұйырады. Тең ойын үшін де сыйақы қарастырылған. Шамамен 700 мың еуро көлемінде.
Айта кетейік, қазақстандық клуб бұған дейін Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен плей-офф-қа жолдама алған кезде 4,29 миллион еуро, үшінші іріктеу кезеңіне өткені үшін қосымша 525 мың еуро пайда тапқан еді. Осылайша «Қайрат» тарихи нәтижеге қол жеткізіп ғана қоймай ең ірі көлемде табыс тапты.
Асылбек Данияр
