11 әуежайда тергеп-тексеру басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

11 әуежайда тергеп-тексеру басталды

27.08.2025

11 әуежайға қатысты тергеп-тексеру басталды. Өйткені, авиакеросиннің көтерме және бөлшек сауда нарықтарына жүргізілген талдау, отын құны негізсіз қымбаттатқанын көрсеткен. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, отандық әуе компаниялары авиакеросинді жер қойнауын пайдаланушылардан мемлекеттік жеткізу кестелері бойынша тікелей, ал шетелдік әуе тасымалдаушылар көтерме және бөлшек жеткізушілер тізбегі арқылы алады.

Әуежайлар халықаралық жолаушылар және жүк әуе тасымалдаушыларына авиакеросинді бөлшек саудада сатқан жағдайда, оның құны 60%-ға дейін өседі. Қазақстан әуежайларындағы авиакеросин бағасы көршілес елдердегіден 5330% жоғары, бұл соңғы бес жылда жүк әуе тасымалының 36%-ға, халықаралық қатынастардың 58%-ға төмендеуіне әкелген.

Жалпы әуежайлар авиакеросин өткізумен 2017 жылдан бастап айналыса бастады. Нәтижесінде әуежай қызметін қаржыландырудың 80%-ға жуығы авиакеросин сатудан түскен кірістер есебінен қамтамасыз етіліп келеді.

Айдана Қуантқан


Хабарламаларға жазылу