ЖЭО-да апат болып, бір жұмысшы көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЖЭО-да апат болып, бір жұмысшы көз жұмды

27.08.2025

Ақмола облысы Степногорск қаласында жылу электр орталығында апат болып, бір жұмысшы қаза тауып, үшеуі жарақат алды. Жазатайым оқиға кеше мердігер ұйымның қызметкерлері №2 қазандық агрегатында су экономайзерін жөндеп жатқанда болған. Жарақат алған үш адамның жағдайы тұрақты, олардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір олар ауруханада дәрігерлердің жіті бақылауында. Мемлекеттік еңбек инспекциясы оқиғаның себебі мен мән- жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрды. Сондай-ақ полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, жан-жақты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу