Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинді қабылдады. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапарына дайындық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Тяньцзинде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және Ұйымның кеңейтілген – плюс форматында өтетін отырысына қатысу бағдарламасы пысықталды. Сонымен қатар кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты дамыту перспективасы қарастырылды.
Иә, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытай Халық Республикасына барады. Ақорданың хабарлауынша, сапар 30 тамыз бен 3 қыркүйек күндеріне жоспарланып отыр. Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысып, Қытайдың ірі компания жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді. Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға мәртебелі мейман ретінде қатысады.
Оңғар Алпысбайұлы
