«Қайрат» жанкүйерлері де қазақстандық клуб жеңіске жетіп, тарихи нәтиже тіркейді деп болжап отыр. Дәстүрден жаңылмай 2013 жылғы «Шахтер» мен 2017 жылғы «Астананың» жолын қуып «Селтиктен» басым түссе екен, - дейді.
- Минималды есеппен бітеді деп ойлаймын: 2:1 немесе 1:0 деген сияқты. Өйткені екі команда да шығуға ұмтылады. Данный момент мүмкіндігі көп шығуға. Әттең-ай дейміз, Сәтпевтың сары карта алғанына, Зарялар шыға алмай қалды.- 0:0 болады деп ойлаймын. Содан соң қосымша уақыт болып, сосын пенальтимен өтіп кетуіміз мүмкін.- Менің ойыша, бұл матч өте тартысты өтеді. «Қайрат» пен «Селтиктің» кездесуі шет елдердегі футболсүйер қауымға бір ерекше ләззат сыйлайды, деп айта аламын. Мен екі команда үшін де болыспаймын.
Асылбек Данияр
