БҚО-да үздік жұмысшы мамандар тәжірибе алмасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да үздік жұмысшы мамандар тәжірибе алмасты

26.08.2025

Оралда тамыз кеңесі аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженер-оқытушылары тәжірибе алмасты.

Облыстық секциялық отырыста педагогтар заманауи талаптарға сай икемді дағдыларды меңгерудің тиімді жолдарын талқылады. Аймақта 35 колледж бар. Онда 1500 оқытушы шәкірт тәрбиелейді. Білім беру ұйымдары 70 мамандық, 135 біліктілік бойынша үздік мамандарды даярлайды. Өткен оқу жылында 15 мың студент білім алды. Биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында олар түрлі байқауларға қатысып, үздік атанды. Соның ішінде қызмет көрсету саласындағы болашақ мамандар өз өнімдерін сатуға да шығарып үлгерген.

Райгүл Қуанышәлиева, облыстық әдістемелік кабинетінің бөлім басшысы:

Соңғы үш жылда республикалық деңгейде кәсіби шеберлік байқаулары өткізіліп жатыр. Сол байқаулар кезінде біздің осы өндірісті оқыту шеберлеріміз өздерінің шебер маман екенін дәлелдеп, жүлделі орындарға ие болып келіп жатыр. Бұл колледж студенті өзінің өндірістік оқыту шеберімен бірге қатысып, слетте өзінің жобаларын қорғап, 500 мың теңге грант жеңіп алды.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу