Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 24 мыңнан астам адамның құқығы қорғалды. Прокурорлардың араласуымен 220 адамға 101 млн теңге көлемінде жалақы қарызы қайтарылды. Бұл жөнінде «Конституция – ҚР тәуелсіздігі мен дамуының негізі» атты дөңгелек үстелде айтылды. Ата Заңның 30 жылдығына арналған шараға мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты. Шараның негізгі мақсаты – Конституцияның елдің негізгі заңы ретіндегі маңызын айшықтау, дейді ұйымдастырушылар. Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын одан әрі жетілдіру және қоғамдық институттармен байланысты нығайту жөнінде ұсыныстар қабылданды.
Эльмира Кәленова
