Президент Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісін қабылдады

26.08.2025

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинді қабылдады. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасайтын алдағы сапарына дайындық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Тяньцзинде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және «ШЫҰ плюс» отырысына қатысу бағдарламасы пысықталды. Сонымен қатар кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты дамыту перспективасы қарастырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытай Халық Республикасына барады. Ақорданың хабарлауынша, сапар 30 тамыз – 3 қыркүйек күндеріне жоспарланып отыр. Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. Одан бөлек Қытайдың ірі компания жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді. Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға мәртебелі мейман ретінде қатысады.

Торғын Оспанбаева

Хабарламаларға жазылу