Конституция күніне орай Жетісу облысының шекаралық Панфилов ауданына қарасы 4 елдімекенде медициналық нысан ашылды. Заман талабына сай салынған модульді емхана мен фельдшерлік акушерлік пунктер шалғай ауылдарда ел игілігіне берілді. Енді Көктал-Арасан, Сарпылдақ, Дарбазақұм және Қорғас ауылдарының тұрғындары сапалы медициналық көмекке жүгіне алады. Жалпы Жетісу облысында 162 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Соның 75-і жыл соңына дейін толықтай аяқталады деп күтілуде. Нәтижесінде медициналық инфрақұрылымның жаңартылу деңгейі 64 пайызға дейін жетпек. Қазіргі таңда Панфилов ауданындағы тағы бір елді мекенде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүріп жатыр.
Мейрамгүл Жетпісбаева, тұрғын:
Бұрын медпунктіміз әр босаған үйде анда мында болып, ауыл ылғи ренжіп жүретінбіз. Бүгін қуаныштымыз. Бұл енді ауыл тұрғындарына денсаулығымыз үшін өте қажет.
Дамир Нұрмұхамет
