Еуропа елдерінде кадр тапшылығы дағдарысы өршіп тұр. Қазір Германияда 1 млн, Ұлыбританияда 750 мың, ал Францияда 500 мың вакансия бос тұр. Әсіресе білікті дәрігер, медбике, IT мамандарына зәру. Сондай-ақ, басқару, техникалық қызмет көрсету салаларында да маман жетіспейді. Ал, Еуростат статистикалық агенттігінің мәліметінше, қазір ЕуроОдақта 13 млн адам жұмыссыз. Сарапшылардың пайымынша, еңбек нарығындағы дағдарысқа екі мәселе себеп. Біріншіден, жастар жұмыс істеуге құлықсыз. Екіншіден, жұмыс берушілерді жас мамандардың кәсіби біліктілігі қанағаттандырмайды, дейді мамандар.
Нұрсұлу Қасым
