Перуде толқын көтеріліп, 100-ден астам порт жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перуде толқын көтеріліп, 100-ден астам порт жабылды

26.08.2025

Перу жағалауында жүзден астам порт жабылды. Бұған күшті толқындардың көтерілуі себеп. 1 адам қаза тапқан. Сонымен бірге жағалау инфрақұрылымына зақым келген. Перудің Ұлттық метеорология және гидрология қызметі бұл құбылысты Оңтүстік Тынық мұхитының антициклонымен байланыстырды. Елдің әскери-теңіз күштерінің мәліметінше, толқын бірнеше күн бойы басылмауы мүмкін. Осыған орай балықшыларға суға шықпай, жағдайдың жасқаруын күту абзал екені де ескертілді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу