Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда көлемі биылғы жарты жылдықта 21,8 млрд долларға жетті. Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, 2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 9,2%-ға өсіп, 43,8 млрд доллардан асқан. Экспортталатын тауардың дені - шикізаттық және минералдық өнімдер, металдар мен ауыл шаруашылығы өнімдері. Ал импорт - көбінесе тұтыну тауарлары мен техника түрлері. Министрліктің мәліметінше, Қазақстан тарапы отандық өнімдерді Қытай нарығына көбірек шығару үшін импорттық кедендік баждарды төмендету мәселесін көтерді. Сонымен қатар Қытайдың ірі онлайн-сауда алаңдарында Қазақстан ұлттық павильондарының аясын кеңейту ұсынылды. Егер қос тарап кедендік баждарды төмендетіп, электрондық коммерция саласында ынтымақтастықты арттыра түссе, екі елдің экономикалық байланысы жаңа деңгейге көтеріледі, дейді сарапшылар.
Раушан Сайлауқызы
