Қазақстан - Конституциясы Брайль қарпімен жазылған санаулы елдердің қатарында
Қазақстан - Конституциясы Брайль қарпімен жазылған санаулы елдердің қатарында. Яғни, зағип жандар тактильді тәсілмен оқи алады. Көру қабілеті шектеулі жандар үшін Ата Заңды қолжетімді ету олардың қоғам өміріне толыққанды араласуына, құқықтарын білуіне және қорғауына мүмкіндік береді. Бұл бастама тек инклюзияны арттырып қана қоймай, әлеуметтік әділеттіліктің, теңдіктің және мемлекетіміздің әр азамат алдындағы жауапкершілігінің нақты көрінісі.
Қанат Мусин, ҚР Конституциялық Сотының судьясы:
Қазіргі таңда арнайы мектептер мен кітапханаларға таратылған 400-ден астам дананың әрқайсысы – көру қабілеті шектеулі азаматтарға мемлекет тарапынан жасалған сенім мен қамқорлықтың белгісі. Яғни, Брайль қарпіндегі Конституция – мүгедектігі бар жандардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың өз құқықтарын қорғауда белсенді болуына ықпал ететін маңызды қадам.
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдау: Жасанды интеллект дәуірі
08.09.2025, 17:22

Сенаторлар Жолдауда айтылған бастамаларды қолдайды
08.09.2025, 17:18
Президент: Екінші деңгейлі банктер нақты секторға белсенді түрде қаржы салуы керек
08.09.2025, 17:14
Президент: Елімізге қомақты инвестиция тарту керек
08.09.2025, 17:11
Елімізде Жасанды интеллект министрлігі құрылады
08.09.2025, 17:08
Е.Қарин: Қазақстан саяси жаңғырудың үлгісін тағы да көрсетті
08.09.2025, 17:03
Президент бір палаталы Парламент құру бастамасын көтерді
08.09.2025, 17:00
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
08.09.2025, 15:30