Бадминтоннан Ұлттық құрама көшбасшысы Дмитрий Панарин Камерунде өткен ірі халықаралық турнирде күміс жүлде еншіледі. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз өкілдері хабарлады. Жекелей сынның финалына дейін сүрінбей жеткен отандасымыз шешуші ойынында Индонезия өкілімен кездесіп, 2:0 есебімен есе жіберді. Байрақты додада 31 елдің 200-ге жуық спортшысы бақ сынады. Бәсекелестік жоғары болған жарыста отандасымыз екінші орыннан көрінді.
Асылбек Данияр
