Президент Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдады

25.08.2025

Президент Жапонияның Сыртқы істер министрі Такеши Иваяны қабылдап, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзит және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-жапон серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның Премьер-министрі Шигеру Ишибаның Қазақстанға жасайтын ресми сапарына дайындық жүріп жатқанын айтты. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Такеши Ивая халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде әңгімелесті. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу