Елімізде дауларды сотқа жеткізбей шешу көрсеткіші өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде дауларды сотқа жеткізбей шешу көрсеткіші өсті

25.08.2025

Қазақстанда даулы мәселелерді медиация, бітімге келу мен татуластыру рәсімдері арқылы шешу көрсеткіші өсіп келеді. Мәселелерін сотқа жеткізбей жапқандардың саны бір жылда 61 мыңнан 76 мыңға дейін көбейген. Президенттің қабылдауында болған жоғарғы соттың төрағасы Асламбек Мерғалиев осылай деп есеп берді. Сондай-ақ Президентке қылмыстық іс жүргізуде конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз ету шаралары, кассациялық соттың жұмысы туралы мәлімет берілді.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу