Елімізде үлестік тұрғын үй құрылысына қатысты бірқатар заңдар мен ережелерге өзгерістер енгізіледі. Жаңашылдық көпқабатты үйлердің құрылысына ақша салатын азаматтардың құқықтарын қорғауға, құрылыс барысын бақылауды күшейтуге және мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтерді жақсартуға бағытталған.
Үкімет бекіткен құжаттар тізіміне 27 түрлі заң мен ереже кіреді. Оның ішінде құрылыс компанияларымен жасалатын келісімшарттардың үлгісі, кепілдік беру тәртібі, сондай-ақ инженерлік қызметтер мен тұрғын үй алу үшін берілетін облигацияларға қатысты қағидалар бар. Барлық ережелер тамыз айының соңына дейін күшіне енеді.
Ернұр Медет
