Мобильді қызметтердің жаңа мүмкіндіктері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мобильді қызметтердің жаңа мүмкіндіктері

23.08.2025

Енді Aitu қосымшасы мен Kcell мобильді операторы бірлесе жұмыс істейді. Осылайша, Kcell қосымшасы арқылы тұтынушылар ән тыңдап, видео көреді. Оларды жоғары жылдамдықта жүктей алады.

Бұл туралы қос тараптың бірлескен баспасөз отырысында айтылды. Бастама Aitu-дың кең таралуына мүмкіндік сыйлайды. Бүгінде отандық қосымшаның жүктелім саны 7 млн-ға жуық. Ал оны айына 500 мыңға жуық абоненті қолданады. Сарапшылар «бұл келісім отандық мобильді қосымша саласының дамуына серпін береді», - деп отыр.

Нұртай Әбілғалиев, «Bts Digital» ЖШС бас директоры:

«Kcell біздің алғашқы серіктестеріміздің бірі. Бұл қадам Aitu қосымшасының кең таралуына жола ашады. Қазіргі Kcell-мен жасалған келісім басқа оператор қолданушылары үшін қосымшаның сапасын төмендетпейді. Сондай-ақ біз өзге де мобильдік операторлармен бірлесе жұмыс істеуге әзірміз. Ал деректердің қауіпсіздігі жайлы айтсам әр компанияда деректер өзінде ғана қалады.

Нұрдәулет Сыздық

Хабарламаларға жазылу