Ақтөбеде алаяқтарға кеткен ақшаның бір бөлігі қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде алаяқтарға кеткен ақшаның бір бөлігі қайтарылды

22.08.2025

Ал Ақтөбелік полицейлер алданып, 18 миллион теңгесінен айырылған зейнеткердің ақшасының бір бөлігін қайтарды. 70 жастағы тұрғын екі ай бойы алаяқтардың психологиялық ықпалында болды.

Алдымен оның телефонына 1414 нөмірінен хабарлама келген. Артынша өздерін Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері деп таныстырған адамдар қоңырау шалып, банк шотына шабуыл жасалып жатқанын айтқан. Осылайша, зейнеткердің 9 миллион теңгесін өзге шотқа салуға көндірген. Жалғызбасты қарияның өзге елде тұратын қызына бару үшін пәтерін сатқалы жатқанын естіген күдіктілер жымысқы әрекеттерін одан әрі жалғастырған. Яғни сатылған пәтердің ақшасын да иемденген. Екі жағдайда да ақша такси қызметі арқылы жіберілген.

Жәнібек Шағыров, киберқылмысқа қарсы басқарманың жедел уәкілі:

Қазір курьер келеді, казначейство деген бар, қауіпсіз шотта, сонда сақтап қоямыз дейді. Курьер ақшаны алып кетеді. Соның бәрін біздің жедел уәкілдеріміз анықтап, Шымкент қаласына барып, ақшаны тауып, бүгінгі күні жарты ақшасын тауып беріп отыр.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу