3 жыл бұрын жұмысын бастаған отандық кәсіпорынның өндіріс көлемі шамамен 10 есеге өскен. Тоттануға қарсы және отқа төзімді өнеркәсіптік жабындыларды өндіретін зауыт 2022 жылы 353 тонна өнім шығарса, бұл көрсеткіш 2023 жылы 3 мың 442 тоннаға жетті. Зауыттан шығатын өнім металл мен бетонды ұзақ уақыт бойы қорғауға, нысандардың өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Бояулар тапсырыс берген компанияға сай әзірленеді. Қазір мұнда 87 маман еңбек етеді. Олардың арасында студент кезінде мекемеде өндірістік тәжірибеден өтіп, жұмысқа алынғандар да бар. Бүгінде тәулік бойы жұмыс істейтін кәсіпорын күніне 20 тонна өнім шығарады.
Гүлмира Баймағанбетова, зауыттың бас директоры:
Біз 20 емес, 40 тонна, 50 тонна, 100 тоннаға дейін күнінен шығаруға мүмкіндігіміз бар бізде. Сондықтан біздің ойымызша, Қазақстандағы мекемелерден түскен талаптарды, тапсырыстарды біз орындауға дайынбыз.
Темірлан Нұрсолтан
