Испанияның Галисия өңірінде тұрғындар үкіметтің «орман өртіне» қарсы әрекетіне наразылық білдіріп, шеруге шықты. Демонстранттар қолдарына «орман өрті ешқашан қайталанбасын» деген плакаттар ұстап, биліктегі «халық партиясын» тілсіз жауды сөндіруге бар жағдайды жасамағаны үшін сынға алды. Шеруге елдің Еңбек министрі Йоланда Диас та қатысқан. Ол өрттің алдын-алу саясатын жүргізуге шақырды. «Рейтердің» мәліметінше, биыл Испанияда өрт шарпыған аумақ 400 мың гектардан асты. Елдің бірқатар өңірінде лапылдаған жалынды тоқтату мүмкін болмай жатыр.
Арай Төлегенқызы
