Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.
Еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы бауырлас жұрттың ынтымағын арттырып, байланысын бекемдеуге қосқан айрықша үлесі үшін табысталды. Одан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерін марапаттады. Қырғыз Республикасының VII шақырылған Жогорку Кенешінің депутаты Дастанбек Жұмабеков, Қырғызстан Президентінің кеңесшісі Арслан Койчиев, қоғам қайраткері Аскар Салымбеков ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Президент Қырғыз Республикасының көрнекті мемлекет қайраткерлері қажырлы еңбек етіп, екіжақты ынтымақты дамытуға зор үлес қосып жүргенін атап өтті.
Оңғар Алпысбайұлы
