Ресей мен Украина арасында бейбіт келісімге қол жеткізу мүмкіндігі екі аптада белгілі болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей мен Украина арасында бейбіт келісімге қол жеткізу мүмкіндігі екі аптада белгілі болады

22.08.2025

Ресей мен Украина арасында бейбіт келісімге қол жеткізу мүмкіндігі бар-жоғы екі аптада белгілі болады. АҚШ президенті Дональд Трамп телеарналардың біріне телефон арқылы берген сұхбатында осылай деп мәлімдеген. «Бұлай болмаса, басқа тәсілді қарастыруға тура келуі ықтимал», - деді Ақ үй басшысы. Бұған қоса Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында экс-президент Джо Байденді айыптап, сол кезде өзі президент болғанда бұл соғыс мүлдем басталмас еді деп жазған. Бұған қоса, басып алушы елге шабуыл жасамай, жеңіске жету өте қиын деген.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу