31 тамыздан бастап әуе, теміржол және теңіз көлігі жолаушыларының деректері арнайы органдарға беріледі. Көлік министрлігі қол қойған жаңа бұйрыққа сәйкес, енді тасымалдаушылар жолаушылар туралы деректерді құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарға ұсынуға міндеттеледі. Бұл талап әуе, теміржол және теңіз көлігіне рәсімделген немесе броньдалған билеттерге қатысты. Мәліметтер пакетіне жолаушының жеке деректері, сапар бағыты, орны, сондай-ақ багаж ақпараты, келісім болған жағдайда байланыс деректері кіреді. Әуе компаниялары деректерді ұшуға 48 сағат қалғанда және тіркеу аяқталған соң 30 минут ішінде береді. Теміржол тасымалы бойынша мәліметтер тәулігіне 5 рет АСУ «Экспресс» жүйесі арқылы жіберіледі. Ал теңіз көлігінде рәсімделген немесе броньдалған билеттер туралы мәліметтер тәулігіне 4 рет беріледі.
Ернұр Медет
