«Қазгидромет» дауылды ескерту жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазгидромет» дауылды ескерту жариялады

21.08.2025

 «Қазгидрометтің» хабарлауынша елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде найзағай, жаңбыр, бұршақ пен дауыл күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді. Ал Алматы мен Маңғыстау облыстарында сынап бағанасы +35С градустан асады. Қатты ыстық Оңтүстік және Батыс аймақтарда да сақталады. Сәйкесінше өрт қаупі бар. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды ашық отты пайдаланбауға, найзағай мен қатты жел кезінде сақтануға шақырады.

Темірлан Нұрсолтан


Хабарламаларға жазылу