Ұлыбританияда батареямен жүретін пойыз ұзақ қашықтыққа жүруден әлемдік рекорд жаңартты. Ол Ридингтен Лондон арқылы Оксфорд қаласына барып, 321 километр жолды сағатына 30-40 шақырым жылдамдықпен артқа тастаған. Тіпті қызып кетпепті. Жергілікті теміржол компаниясының мәлімдеуінше, аккумулятормен қозғалатын пойыз - өміршең әрі экономикалық тұрғыдан тиімді. Сондықтан келешекте ол осы жетістігімен дизельдік пойыздарға балама болуы ғажап емес.
