Суши жеймін деп опық жеді. Ақтөбеде жапон тағамынан 8 адам уланып қалды. Оның 2-і бала. Асханаға үйден тапсырыс берген тұрғындар біраз уақыттан соң өзін жайсыз сезінген. Қызуы көтеріліп, құса бастаған. Олар жедел жәрдеммен клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің екеуі жансақтау бөлімінде. Дәрігерлердің айтуынша, қазір жағдайы бірқалыпты. Ал санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары тамақтану орнын тексеріп жатыр.
Жансәуле Дәулетова, облыстық Клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
2 науқас ауруханадан бастартты, 6 науқас біздің ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда 2 бала, 4 ересек жатыр. Оның ішінде 2 ересек жансақтау бөліміне түсті.
Жақсыбек Кемал
