Бүгінгі таңда Конституциялық Сотқа 11 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Өтініштердің басым бірнеше кодекстің нормаларына қатысты. Қаралған істердің нәтижесінде Конституциялық Сот 400-ден астам қаулы шығарды. Оның ішінде 73 шешім заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеру қорытындысы бойынша қабылданды.
Назгүл Тұяқбаева, ҚР Конституциялық Сотының талдаушысы:
Осы қабылданған 73 нормативті қаулыда қылмыстық, қылмыстық-процестік, әкімшілік құқықбұзушылық, неке және отбасы, әлеуметтік, салық мемлекеттік қызмет сияқты заңнамасының нормалары Конституцияға сәйкестігі тексерілді.
Темірлан Нұржанұлы
