Шымкенттің бір шағын ауданынан 1 тонна қоқыс шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттің бір шағын ауданынан 1 тонна қоқыс шығарылды

20.08.2025

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Шымкентте тұрғындар көпқабатты үйлердің ауласын тазартты.

«Таза Өлке» коммуналдық мекеме қызметкерлері мен ерікті жастар 1 тонна қоқыс жинап, арнайы техникамен шығарды. Жалпы өңірде жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында 3000-ға жуық ерікті сенбілікке шыққан. Белсенді жастардың айтуынша, мұндай экологиялық бастамалар қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастырып, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырады. Сонымен қатар экоакциялар жастардың табиғат қорғауға, оны аялауға деген ой-өрісін, сана-сезімін өзгертеді.

Көркем Есетова, ерікті:

Бүгін біз Түркістан көшесін тазалаймыз. Бұған дейін сенбіліктерге шығып жүрміз. Осыған дейін «Маятас», «Бадам» өзеніні жағасын тазалауға қатыстық. Базарларды және балалар ойнайтын аулаларды жинаған болатынбыз.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу