Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономика және бюджетті жоспарлау мәселелері жөніндегі жиын өтті. Ұлттық экономиканың қазіргі жай-күйі мен дамуы, сондай-ақ 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің параметрлері туралы баяндамалар жасалды. Талқылау барысында Мемлекет басшысы республикалық және жергілікті деңгейде қаржыны тиімді жоспарлау мен бөлудің маңызы зор екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге, барлық әлеуметтік міндеттемелер мен өңірлердің ұзақмерзімді жоспарларын қаржыландыруға, сонымен қатар қаражатты мақсатқа сай бөлуге және игеруге баса назар аудару қажет екенін ескертті.
Самал Қабышева
