Оралда ақша бопсалаған 23 жастағы жігіт ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда ақша бопсалаған 23 жастағы жігіт ұсталды

20.08.2025

 Оралда ақша бопсалаған 23 жастағы ер адам ұсталды. Полиция қызметкерлері анықтағанындай, күдікті бұрынғы қызының интимдік сипаттағы фотосуреттерін интернетке таратамын деп қорқытып, одан үш жыл бойы ақша талап еткен. Осы уақыт аралығында жәбірленуші 9 млн теңгесін берген. Бопсалау деректері банктік аударымдармен және мессенджердегі хат-хабарлармен дәлелденген. Күдікті 150 мың теңге көлеміндегі қаражатты кезекті рет алған сәтінде қылмыс үстінде ұсталған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу