Ғылым саласында 42,5 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғылым саласында 42,5 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған

19.08.2025

Ғылым және жоғары білім министрлігіне қатысты 1 млрд 700 млн теңгенің заңға қайшы әрекеттері анықталды. Мұны Жоғары аудиторлық палата жариялап отыр. Олар ғылымды дамытуға бөлінген бюджет қаражатының қаншалықты тиімді пайдаланылғанын тексерген. 24,2 млрд теңге тиімсіз жоспарланған, ал 42,5 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған. Мәселен, ғылымды қаржыландыру көлемінің 219 млрд теңгеге дейін өсуіне қарамастан, ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығындардың үлесі төмен болған. Ғылым қорын коммерцияландыру жобаларын іске асыруда да кемшіліктер бар. Аяқталған 42 жоба жоспарлы сату көлеміне жетпеген, ал 8 жоба бойынша мүлде өнім шығарылмаған. Осы сияқты өзге де анықталған заң бұзушылықтар бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілмек.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу