Британдық кәсіпқой боксшы Дензел Бентли WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен қайта жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді. Бұл жөнінде 1bol.kz сайты хабарлады. Екі былғары қолғап шебері 2022 жылы рингте алғаш рет кездескен болатын. Чемпиондық белбеу үшін өткен жекпе-жекте төрешілер бірауыздан Жәнібек Әлімханұлын жеңімпаз деп таныған еді. Содан бері Бентли бірнеше мәрте Жәнібекті қарымта кездесу өткізуге ашық түрде шақырып келеді. Жақында қазақстандық кәсіпқой боксшы әлеуметтік желіде WBC тұжырымы бойынша чемпион Карлос Адамеске үндеу жолдап: «Адамес! Сен қайдасың?» – деп жазған. Бұған Бентли дереу жауап беріп, өзінің дайын екенін білдірді: «Бәрін қойшы. Өзің қайдасың?» – деп, реванш өткізуге тағы да ұсыныс жасады. Ал, Жәнібек бұл сұрақты жауапсыз қалдыры...
Асылбек Данияр
