Теннис: Жаңартылған рейтинг жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теннис: Жаңартылған рейтинг жарияланды

19.08.2025

Қазақстандық теннисшілердің аяқ алысы қандай деңгейде екені белгілі болды. Әйелдер теннис қауымдастығы мен кәсіби теннисшілер қауымдастығы жаңартылған рейтингті жариялады. Нәтиже жаман емес. Мәселен ерлерден Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 27-ден 24-ші орынға, Александр Шевченко 102-ден 90-шы сатыға көтерілді. Бұл жолы ерекше серпіліс жасаған Тимофей Скатов болды. Өткен аптада Италиядағы турнирде жеңімпаз болған ол бірден 115 сатыға жоғарылап, 308-ден 192-ге жайғасты. Сондай-ақ Бейбіт Жұқаев 206-дан 191-ге жайғасып, Қазақстанның үшінші ракеткасы атанды.

Әйелдер арасында Цинциннати турнирінің жартылай финалына дейін жеткен Елена Рыбакина рейтингтегі 10-шы орынын сақтап қалды. Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева 46-дан 55-ке, Жібек Құламбаева 300-ден 317-ге төмендесе, Зарина Дияс 252-ден 240-қа шықты.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу