Е.Қасымбек – еркін күрестен әлем чемпионы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е.Қасымбек – еркін күрестен әлем чемпионы

19.08.2025

Қазақстандық палуан Едіге Қасымбек еркін күрестен 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанды. Отандасымыз 125 келіге дейінгі салмақта күресті. Финалда ирандық Абольфазл Мохаммад Нежадты 4:1 есебімен жеңді. Жарысты 1/8 финалдан бастаған ол әуелі моңғол спортшысын жеңсе, ширек финалда оңтүстік кореялық палуанды тізе бүктірді. Финалдың жолдамасы сарапқа салынған белдесуде АҚШ өкілін айқын басымдықпен жеңді.

Сондай-ақ бозкілемге шыққан 74 келідегі Досжан Құл-Ғайып пен 97 келідегі Самир Дурсунов қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар бүгін 57 келідегі Нұрданат Айтанов қола медальге таласса, 92 келідегі Камил Куруглиев өзбек палуанымен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу