Көкшетау жоғары техникалық колледжін тәмамдаған түлектердің 87 пайызы тұрақты жұмысқа орналасады.
Себебі World Skills халықаралық стандарттары бойынша білім беретін колледжде студенттер алған білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыра алады. Мұнда шетелдің үздік брендтегі заманауи құрылғыларымен жабдықталған 20 орталық жұмыс істейді. Бұл ірі кәсіпорындармен ынтымақтастық орнатып, ауыл шаруашылығы, машина жасау және құрылыс салалары үшін жинақтаушы бөлшектер дайындауға мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан білім мен тәжірибені ұштастырған колледж түлектеріне еңбек нарығында сұраныс жоғары. Мәселен шаһардағы машина құрастыратын зауытта бүгінде 30 шақты жас маман жұмыс істейді. Қазір колледж халықаралық аттестациядан өтіп жатыр. Бұл алдағы уақытта отандық оқу орнының дипломдарын халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті етеді. Жалпы Ақмола облысында 29 колледж жұмыс істейді, оның 20-сы жұмысшы мамандарын даярлайды.
Ержан Манарбек, жұмысшы:
Көкшетау қаласында оқыдым, тәмамдадым, кейін осында «КАИК» зауытына жұмысқа орналастым. Жұмыс жеңіл, жақсы. Жалақы да жақсы. Жаңа жұмысшылар көп келіп жатыр. Келген студенттерді дайындаймыз, үйретеміз. Түрлі станоктарды меңгеріп, әдістерін көрсетеміз.
Эльмира Кәленова
