Президент Шымкент қаласының әкімін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Шымкент қаласының әкімін қабылдады

19.08.2025

Президент Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдап, шаһардың жыл басынан бергі даму көрсеткіштерімен танысты. Биыл қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 31 пайызға артып, 360 миллиард теңгеге жеткен.

Құрылыс жұмыстары да қарқын алып, 517 мың шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй пайдалануға берілген. Мегаполис басшысы инфрақұрылымды жаңарту бағытындағы жұмыстарға да тоқталды. Жаңа әуежай терминалы салынып, теміржол вокзалы жөндеуден өткен. Сонымен қатар «Келешек мектептері» жобасы аясында 12 мектеп пен Оқушылар сарайы ашылды. Жол-көлік жүйесі де дамып келеді. Оңтүстік айналма жолы мен екі ірі жолайрық ашылды. Президент тапсырмасына сәйкес, мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасып жатыр. Қайтарылған нысандар қатарында Мұз сарайы, Орталық су спорты кешені, №2 қалалық емхана, «Қиял әлемі» технопаркі және «Кең баба» саябағы бар. Қабылдау соңында Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті дамыту, мектеп тапшылығын азайту және жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Ернұр Медет

Хабарламаларға жазылу