Конституциядағы өзгерістер – заң үстемдігінің кепілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конституциядағы өзгерістер – заң үстемдігінің кепілі

19.08.2025

Биыл Ата заңға 30 жыл. Конституцияға уақыт талабына сай өзгерістер еніп отыруы – заңдылық. Мемлекет басшысының Конституциялық реформалар бойынша референдум өткізу туралы Жарлығымен халық 2022-ші жылдың бесінші маусымында таңдау жасады.

Бұл саяси науқанда тұрғындардың белсенділігі жоғары болды. Олар ел болашағы үшін, кейінгі ұрпақтың әділетті қоғамда өмір сүруі үшін таңдау жасады. Референдум аясында елдің басты құжатындағы 33 бапқа 56 өзгеріс енгізілді. Бұл өзгерістерге сәйкес Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшті. Қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады.

Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Ақтөбелік белгілі ұстаз, заңгер Асыл Смағұлованың айтуынша, бұл жаңашылдықтар демократиялық қоғам қалыптастыруға негіз бола алады.

Асыл Смағұлова, Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ құқықтану кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты:

Өзгерістердің ішіндегі ең бір құндыларының бірі – ол Конституциялық сотпен қатар оның құрамына да өзгеріс енгізілді. 11 адам сайланады, соның ішінде төрағаны Президент Парламенттің келісімімен тағайындайды. ҚР азаматының өзіне және мемлекетке деген сенімі арта бастады. Яғни еркін айта алады, өз құқықтарын айта алады.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу