Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жаңадан бой көтерген ғимаратына барды. Нысанды аралап, ондағы инфрақұрылыммен танысты. Мемлекет басшысына жедел басқару орталығы, қызметкерлердің жұмыс кабинеттері, сондай-ақ қазіргі заман талаптарына сай жабдықталған арнайы бөлмелер көрсетілді. Президент елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға жоғары баға беріп, департаменттің материалдық-техникалық базасының нығаюы маңызды екенін атап өтті.
Ернұр Медет
