Гипофосфатемиялық рахитпен ауыратындар дәрімен қамтамасыз етіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гипофосфатемиялық рахитпен ауыратындар дәрімен қамтамасыз етіледі

19.08.2025

Қазақстанда сирек кездесетін диагноз – гипофосфатемиялық рахитке шалдыққан науқастарды дәрімен қамту мәселесі шешімін тапты. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде осындай диагнозы бар 26 адам тіркелген.

Олардың 10-ы қазірдің өзінде «Қазақстан халқына» қорының есебінен Буросумаб препаратымен қамтамасыз етілген. Енді келер жылдан бастап барлық науқастарға дәрі толықтай жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынады, – дейді мамандар. Ол үшін 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінбек.

Дамир Нұрмұхамет

Хабарламаларға жазылу