Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімін қабылдады

18.08.2025

Қостанайда жуық арада 70 мың автокөлік шығаратын KIA зауыты іске қосылады. Бұл 1500 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Мұны Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Президент қабылдауында айтты. Биыл өңірде өнеркәсіп өнімі өткен жылмен салыстырғанда 4,3 пайызға жоғары. Яғни 1,82 трлн теңгенің өнімін өндірген. Құны 337 миллиард теңге болатын 13 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ жыл басынан бері өңірде 22 әлеуметтік нысан іске қосылса, жыл соңына дейін тағы 29 әлеуметтік нысанды пайдалануға берілмек. Кездесу соңында Президент инвестиция көлемін одан әрі арттыру, өнеркәсіп пен аграрлық секторды дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымдарды жаңғырту, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту қажеттілігіне тоқталып, жылыту маусымына әзірлік, күзгі жиын-терін науқанын сапалы ұйымдастыру үшін жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды.

Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:

Осы жылдың аяғына дейін 4 ірі зауыттың құрылысы бітіп, ашылатын болады. Біріншісі автозавод – 1,5 мың адам жұмысқа тартылады. Екіншісі – жүк таситын машиналарға жасайтын әртүрлі компоненттер. Жеңіл көлікке компонент жасайтын зауыттың да құрылысы бітіп қалады. Төртінші завод – ірі кондитер фабрикасы.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу