Ресейдің Рязань облысында жарылыстан қаза тапқандар 20-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Рязань облысында жарылыстан қаза тапқандар 20-ға жетті

18.08.2025

Ресейдің Рязань облысындағы «Эластик» зауытындағы жарылыстан қаза тапқан адам саны 20-ға жетті. 154 жұмысшы жараланды. Шиловск ауданында болған жарылысқа байланысты бүгін Рязань облысында қаралы күн жарияланды. Алдын ала мәлімет бойынша, төтенше жағдай қауіпсіздік талаптарын сақтамаудың салдарынан болуы мүмкін. Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта салдарды жою жұмыстары жүргізілуде. 

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу