Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Түрікменстанға ауру малдың етін жеткізді деген ақпаратты жоққа шығарды. Аталған ведомствоның мәліметінше, биыл Түрікменстанға ет экспортталмаған. Сондықтан тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді дейді.
Айта кетейік, кейбір ақпарат көздерінде маусым айында Ақмола облысынан Түрікменстанға жіберілген мұздатылған ет партияларынан бруцеллез қоздырғышы табылғанын хабарлаған болатын. Жауаптылар мұны фейк деп, тек уәкілетті органдардың ресми деректеріне ғана сүйенуге шақырды.
Ернұр Медет
