«Шекара – объектив көзімен» фотокөрмесі ашылды
Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында «Шекара объектив көзімен» атты ерекше фотокөрме ашылды. Авторы – фототілші Асхат Сәбиев. Экспозицияда Қазақстан шекарашыларының күнделікті қызметі, табиғат көріністері және тарихи сәттер бейнеленген туындылар қойылған.
Қазақстанның Шекара қызметі 1992 жылғы 18 тамызда құрылған еді. Алғашқыда Шекара әскерлері деп аталған құрылым 1997 жылдан бері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамында Шекара қызметі атауымен жұмыс істейді. Шекара қызметінің негізгі міндеті – елдің аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шекарадан заңсыз өту әрекеттерінің алдын алу, контрабанда мен қылмыстық әрекеттерге тосқауыл қою. Бүгінде қазақстандық шекарашылар мыңдаған шақырым құрлық және су шекарасын, сондай-ақ әуе кеңістігін күзетеді. «Шекара объектив көзімен» көрмесі осы жауапты қызметтің беймәлім сәттерін, шекарадағы өмірді жеткізуді мақсат еткен.
Асхат Сәбиев, ҰҚК ШҚ «Отан сақшысы» газетінің фототілшісі:
Негізі мен шекара қызметінің ведомствалық «Отан сақшысы» деген газетінде жұмыс істеп келе жатырмын. 15 жыл бойы. Біздің негізігі жұмысымыз мақсатымыз шекарашылардың жұмысын көрсету. Фотоға түсіру, видеоға түсіру деген сияқты. Сөйтіп жинаған туындыларымыз ғой былай айтқанда.
Елдос Есенбол
