Президент ISSF және ASC басшыларымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент ISSF және ASC басшыларымен кездесті

15.08.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық нысана көздеу федерациясының басшысы Лучано Росси мен Азия конфедерациясының президенті шейх Салман Сабах әл-Салем ас-Сабахты қабылдады.

Кездесуде Қазақстанның нысана көздеу және стенд ату спортын дамыту жайы сөз болды. Президент бұл спорт түріне Қазақстанда бұрыннан ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді. Сондай-ақ шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты күшейту, спорт кешендерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту, спортшыларды жаңа әдістемемен дайындау жоспарлары талқыланды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Лучано Росси мен Салман Сабах әл-Салем ас-Сабахты ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Елдос Есенбол


Хабарламаларға жазылу