Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоры 2022 жылдан бастап Абай облысының тұрғындарына жалпы сомасы 10,7 млрд теңгеге қайырымдылық көмек көрсеткен. Әсіресе әлеуметтік нысандарға көп көңіл бөлінген. Мәселен, қор ерекше балаларға көмек көрсеткен. Қор өкілдері мұндай жобаны еліміздің бірнеше өңірінде ұйымдастырып қомақты қаржы бөліп, қажет құрылғылар сатып әперген.
Динара Нұрқасымова, «Қазақстан халқына» қорының жоба менеджері:
Техникалық оңалту құралдарын 4 өңірге сатып алдық. Жалпы, қаражаты 1,1 миллиард теңге. Соның ішінде 45 оңалту құралы Семейге 135 миллион теңгеге қойылды. Ата-аналарды он күні бойы осы құрылғыларды қолдануға үйретеді. Содан кейін өздері ата-аналардың үйлеріне апарып, сол жерде қалдырып, ата-аналар балаларын оңалтады.
Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры білім саласын дамытуға да зор қолдау көрсетіп келеді. Әсіресе ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуды қолға алған. Еліміз бойынша 135 мектепті 33,5 миллиард теңгеге жабдықтаған. Тек Абай облысының өзінде 7 білім ошағы соңғы үлгідегі құрал-жабдыдармен қамтамасыз етілді.
Балғын Бекетаева, мектеп директоры:
Біздің мектепке толықтай материалдық-техникалық жабдығын жаңадан берілді. Бұл дегеніміз 33 кабинет. 100 пайыз ескіні сырып тастап жаңадан беру. Бұл «Қазақстан халқына» қорының қалалық жерлер мен ауылдық жерлердегі балалардың мүмкіндіктерін теңестіру.
Ержан Жақып
