Қазақ күресі: 7 палуан финалға өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ күресі: 7 палуан финалға өтті

14.08.2025

Қазақ күресінен әскери қызметшілер арасында өтіп жатқан тұңғыш Әлем чемпионаты қазақстандық балуандар үшін сәтті басталды. Жарыстың бірінші күнінде бақ сынаған 8 отандасымыздың жетеуі финалға жолдама алды. Чемпиондық атақты сарапқа салатындардың арасында ерлерден: 55 келідегі Бекжан Төлепов, 66 келідегі Әшім Сағындық пен 82 келідегі Нұрдәулет Бақтыбайұлы бар. 100 келіде белдескен Айбек Ізтілеуов жартылай финалда Ресейден келген қарсыласына жол берді. Енді қола медальға таласады. Сондай-ақ әйелдерден 48 келіде Айжан Жылқыбаева, 56 келіде Рауза Нұрмұхамметова, 65 келіде Зарина Сарипова және 77 келіде Зәмзәгүл Файзолланова алтын медаль үшін күреседі. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу