Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Жетісу облысындағы «Талдықорған» индустриалды аймағында болып, бірқатар кәсіпорынның, соның ішінде аккумулятор зауытының жұмысымен танысты. Зауыт былтыр ашылды. Оған 8,5 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. Өндірістік ғимарат заманауи технологияларды қолдана отырып, жыл соңына дейін 60 мың аккумулятор шығармақ. Қазір мұнда 100-ден астам адам еңбек етіп жатыр. Зауыт тек автомобильдік аккумулятордан бөлек, инфрақұрылымдық жүйелерге арналған, стационарлық түрін де жасайды.
Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:
Осы зауыттың бұрынғы барлық еліміз білетін «Қайнар» зауытынан айырмашылығы – стационарлы аккумулятор шығарып отыр. Олардың қуаты да басқаша, рыногы да басқаша. Менің ойымша осындай инвестицияларымызды, жаңа технологияларымызды біз қолдауымыз қажет.
Дамир Нұрмұхамет
