Қазақ-Қырғыз шекарасындағы «Қарасу» бекеті жаңғыртылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-Қырғыз шекарасындағы «Қарасу» бекеті жаңғыртылады

14.08.2025

Биыл Қазақ-Қырғыз шекарасындағы «Қарасу» бекеті жаңғыртылады. Бұл екі ел арасындағы барыс-келісті көбейтуге сеп болмақ. Қазір осы пункт арқылы тәулігіне 700-дей көлік қатынаса, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін 2 мыңнан астамы өте алады.

Айта кетсек, жуырда Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекараларындағы тағы 10 бекет қалыпқа келтіріледі. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов құрылыстың қалай жүріп жатқанын тексерді. Үкімет басшысы жауаптыларға жұмысты уақытылы әрі сапалы орындауды тапсырып, саланы цифрландыру ісін де қолға алуды жүктеді.

Ербол Долматов, жүргізуші:

Мен Қырғызстандағы досыма жиі барып тұрамын. Қордай бекетінен оңай өтемін әркез. Барлығы уақытымын, тез болады.

Жанел Өтеулі

Хабарламаларға жазылу